Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марокко зообағында ұрғашы піл қызды таспен ұрып өлтірді

Марокка астанасы Рабатта зообақтағы ұрғашы піл жеті жасар қызды кездейсоқ өлтіріп алды.

e9841055_2652585

Фото: mk.ru

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

26 шілде күні қыздың әкесі оны иығына отырғызып алып, зообақтың тор қоршауына кері бағытта тұрады. Ал анасы болса жұбайы мен қызын жануарлардың фонында суретке түсірмекші болыпты. Осы уақытта ұрғашы піл жерден тас алып тұмсығымен лақтырып қалып, ол қыздың шүйдесіне келіп тиген.

Қыз бірден есін жоғалтады. Оны дереу ауруханаға жеткізгенмен, алған жарақаттан қайтыс болған.

Зообақ өкілдері қайғылы жағдайға байланысты өкініш білдіріп, көңіл айтты. Олар зардап шегушінің отбасы ешқандай ереже бұзбағанын хабарлады. “Мұндай оқиғалар өте сирек кездеседі. Жануарлар кейде қалыптан тыс қылықтар жасап, бағынбай кетеді” дейді зообақ қызметкері.

Рабаттағы зообақ 2012 жылы ашылған. Бұл төрт жыл уақыт ішіндегі алғашқы қайғылы жағдай.

Талқылау