Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Марқұмның туыстары наразы: Алматыда өз әріптесін атып өлтірген полицейге қатысты сот үкімі шықты

Алматыда өз әріптесін атып өлтірген полицейге қатысты сот үкімі шықты. Азамат Берістемов 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейтін болады. Ал марқұмның туыстары үкімге разы болмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

«Диалог болған. Оның барысында жәбірленушінің тарапынан физикалық тұрғыдағы немесе сөзге келу сияқты озбырлық әрекеттер болмаған. Сотталушы табельдік қаруын алып, оқ атқан. Сот жәбірленушінің тарапынан сотталушыны ашуландырып, аффект күйіне түсіретін әрекет таппады. Сондықтан сотқа дейінгі тергеу органдарының істі бағалауы дұрыс деп таптық. Ол расталды», - дейді судья. 

Судья Азамат Берістемовті 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Алайда марқұмның туыстары үкімге разы болмады. Олар сот шешіміне қатысты аппеляциялық шағым түсірмек.

Сотталушы өзінің соңғы сөзінде марқұмның туыстарынан кешірім сұрап, өлтіремін деп ойламағанын айтты. Оның сөзінше, сол күні отбасылық қиындықтарға қатысты күйзелісте жүрген екен.

Естеріңізге сала кетсек, кеше, 26 қыркүйекте, Алматыда полицей әріптесіне оқ атқан еді. Берістемов сол күні кезекшілікке түсіп, күйеу баласын көріп қалып, онымен сөйлеспек болады. Оны адам жоқ жерге барып, қаруды басына тақап қорқытады. Әріптесі төмен еңкейгенде, ол да қаруды тақаймын деп атып алады. Әріптесі ауруханаға жеткізіліп, кейін жансақтау бөлімінде қаза болды.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр