Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марқұм журналист Руслан Бөлебайдың атына көше берілді (фото)

Қызылорда облысының Шиелі кентінде танымал журналист Руслан Бөлебайдың атына көше берілді. Қуанышты хабарды әнші Роза Әлқожа жеткізді.

10576225_1475952396044491_1432819259_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Руслан Бөлебай 2009 жылдың 16 тамызында жол апатынан көз жұмған. Ол кезде журналист небәрі 25 жаста болатын. Көзі тірісінде бірнеше басылым мен арнада жұмыс істеп, Мұхтар Шаханов, Майра Ілиясова, Бақтияр Тайлақбаев, Маржан Арапбаева және Ақерке Тәжібаева сынды танымалдардың кешін жүргізген.

Артынша тележүргізушіліктен бөлек ән айтуды қолға алған. “Кең дала”, “Сен болмасан”, “Жанарым”, “Елес”, “Мөлдір моншақтар”, “Кешікпей келем деп ең”, “Махаббатпен ойнама сен”, “Іңкәрім-ай” сынды туындыларды орындаған.

0

“Русланжанның атына көше берілді! Жəннатта нұрың шалқысын! Елдің тілегі, дұғасы қабыл болғай!” – дейді Роза Әлқожа.

Көше берілу салтанатына продюсер Алтынбек Рахметов пен дәстүрлі әнші Майра Ілиясова қатысқан.


Жіберіп алмаңыз:

Жол апатынан қаза тапқан қазақстандық жұлдыздар

Жол апатынан аман қалған жұлдыздар (фото)

Белгілі журналист ауыр сырқаттан қайтыс болды

Белгілі журналист Әйгерім Сейфолла денсаулығында кінарат пайда болғанын айтты

Талқылау