Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марқұм Шалқар Үркімбаевтың қызына Сәкен Майғазиев үлкен сомада көмек берді

Марқұм актер Шалқар Үркімбаевтың науқас қызына екі күн ішінде 750 мың теңге жиналды. Аталған соманың көп бөлігін Сәкен Майғазиев аударған екен.

юджю

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше қазақстандық жұлдыздар әріптестері мен халықты марқұм актердің науқас қызына ақша жинауға шақырған болатын. Алғашқылардың бірі болып көмек сұраған Әлия Құдайбергенова бірнеше күннің ішінде қомақты сома жиналғанын айтып жатыр. Мұнымен қатар, ол Ақсанаға үлкен сомада қаржы аударған Сәкен Майғазиевті ерекше атап өтті.

“Кеше осында марқұм талантты актер Шалқар Үркімбаев пен соңында үш перзентімен жастай жесір қалған Ақсана Үркімбаеваның тұңғыш қыздары 12 жастағы Шұғыланың осыдан төрт ай бұрын басынан қатерлі ісік табылғанын, оның еміне 25 мың АҚШ доллары мен екі миллион (жолы, жатын орны жəне тамағына) теңге қажет екенін жазған едік. Аллаға тəубе, жазбам жерде қалмай, Шалқардың баяғы өнердегі достары хабарласып, қарапайым жұрт тапқанын беріп, екі күнде 750.000 теңге жиналыпты! Ақсана бүгін оның бес жүз мыңына ұшаққа билет алды. Енді 1 300 000 теңге қаржы қажет. Ең бастысы, еміне қажетті 25 000 АҚШ долларын Аружан Сайнның қайырымдылық қоры тауып, ем жасайтын клиникамен келісімге тұрды. Атап айтатын бір жағдай бар!

Шалқардың суретін көріп, атын оқып ең бірінші болып, əрқашан азаматтығымен қымбат Сəкен Майғазиев хабарласып, Ақсанаға үлкен соммада көмек берді. Одан актер Ерболат Төлегенов (ел арасында “кемпір Ерболат” атанып кеткен актер бала ғой) пен Қайрат Əділгерей атағандарын беріп, репост жасап, біраз жұртты құлағдар етті. Алла көріп тұр ғой, сіздер нағыз адамсыздар! Кімнің алдынан кім шыққан? Əр адамның басына осы проблема түсуі мүмкін ғой. Баласы үшін жалғыз өзі жаны шырқыраған Ақсанаға жұлдыздыққа салмай демеу болғандарыңыз үшін де өз басым сіздерді құрметтеймін, айта жүретін боламын! 18 шілде күні Ақсана өзге балаларын аманаттап осында қалдырып, Шұғыласын алып Стамбұлға аттанады, Алла қаласа. Екі айдай ем алады. Ақ жол тілеп, оған дейін қалған миллионын карточкасына салып жіберсек, уайымсыз кетер еді. Қазақтың бір қызы ғой, шарасыз…” – дейді Әлия Құдайбергенова.

Жоғарыдағы жазбаны оқыған желі қолданушылары жомарт жандардың алдында бастарын иетіндерін айтып, Ақсанаға саулық тіледі. Арасында көмек қолын созуға дайын екендерін жеткізгендер де болды.

“Ақсана мен көмек қолын созып жатқан қайырымды жандардың арасында алтын көпір болып отырған Әлия өзіңізге де рахмет! Алланың нұры жаусын!”, “Сәкен мырзаның азаматтығына шексіз ризамын! Қазақтың әрбір азаматы осындай болсын”, “Аружан Саинның бәрінен бергені көп қашан да. Қайырымдылық қорын алғашқылардың бірі болып ашып, жетімнің де, жесірдің де көз жасын сүртуге жарап келе жатқан жайы бар”, “Алла жар болып, қорғасын! Алла шипасын берсін”, “Аман-есен жазылып елге оралсын” деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Диана Шарапова қызы қырқынан шықпай жатып сахнаға шығып кеткен

Жұлдыздар жүктілік кезінде жинаған артық салмақтан қалай арылғандарын айтты

Анасы: Диана Шарапова 7 айлығында сөйлемді толықтай айтатын

Грузияда демалып келген Әлішер Кәрімов киімдеріне “сыймай” қалған

Талқылау