Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марқұм Шалқар Үркімбаевтың келіншегі жұрттан қызы үшін дұғада болуды сұрады

Шілде айының 18-і күні Стамбұлға жол тартқалы отырған Ақсана Үркімбаева қызының қазіргі жағдайы туралы айтып берді.

nIEHBafHbmE

Сурет: Ақсана Үркімбаеваның жеке архивінен

Басына қойылған аппарат пен химиялық терапияға қарамастан, Шұғыланың ісігінің көлемі 6,5 сантиметрге жеткен. Мұнымен қатар, бір қолы мен аяғы еркін қозғала алмай қиналуда,-деп хабарлайды Stan.kz  сайтының тілшісі.

“Шұғыла қазір төсек режимінде жатыр. Сөйлеуі, жүруі және ойлау қабілеті – барлығы нашар. Бірінші ауруханаға тексеріліп, сол жердегі мамандар бізді өзіміз тіркелген емханаға бағыттады. Емханадағы жүйке дәрігері Шұғыланы тексеріп, денсаулығына еш қауіп төніп тұрмағанын айтты. Осыдан кейін сабаққа қалмай барып жүрді. Артынша қызым демалысқа шығып, ауылға ата-әжесіне кетті. Сол жақта да басы айналып, көзі қарауытып, құсқан екен. Ата-әжесі тамақтан уланып қалған болар деп ауылдағы дәрігерге қаратқан. Дәрігер де уланған болар деп болжам жасаған.

Алматыға келген соң қызым 4 сәуірден бастап сабаққа барып жүрді. Бірақ, сәуірдің 14-і күні таңертең жағдайы күрт нашарлап, дәрігерлер жедел жәрдем шақырған екен. Сол күні кешкі сағат алтылар шамасында қызымның басында ісік барын білдік. Дәрігерлер шұғыл ота жасауға кірісті. Осы ісік салдарынан ми қарыншасына су жиналып, соның әсерінен қызым қайта-қайта құсқан екен. Осылайша Алматыда қызымның басына шунт қойылды. Ауруханада тура бір ай жатып, дәрігердің бақылауымен бір ай үйде болдық. Кейін Астанаға ота жасатуға бардық. Бірақ, дәрігерлер Шұғыланың жағдайын ескеріп, басын 2 сантиметрдей кесіп, ісіктің қай түрі екенін анықтады. Олардың мақсаты қызымның өмірін ұзарту болды. Оның үстіне ота кезінде жүйке жүйесін зақымдап алса, бала өмірбақи мүгедек болып қалуы мүмкін”, – дейді Ақсана Үркімбаева Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында.

xRm6B784g1A

Екінші отадан кейін Алматыға оралған Шұғыла ауруханалардың бірінде химиялық терапия қабылдайды. Бастапқыда дәрігерлер сәуле терапиясын жасатуды ұсынған екен. Алайда ол көлемді ісікті емдеуге тиімсіз болғандықтан, химияның көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.

Бірақ, 10 күннен кейін тексеріс нәтижесінде Шұғыланың басындағы ісіктің көлемі 1,5 сантиметрге өскені анықталған. Шетелдік мамандардың көмегі қажет екенін түсінген Ақсана Үркімбаева Аружан Саинның қайырымдылық қорынан көмек сұрайды. Аталған қорда қызмет ететін Светлана ханым Шұғыланы Стамбұл ауруханаларының біріне бағыттаған.

2eB1zWXvJWU

“Аружан Саинның қоры қызымның еміне 25 мың АҚШ долларын аударып қана қоймай, барынша көмек қолын созуға тырысты. Осы орталықта жұмыс істейтін Светлана ханым бізді Түркияның ең беделді ауруханаларының біріне бағыттады.

Сол жердегі дәрігерлер химиялық терапияның әсерін күтуді жөн көріпті. Бірақ, химиялық терапиядан кейін небәрі 10 күннің ішінде қызымның басындағы қатерлі ісіктің көлемі 1,5 сантиметрге ұлғайып кетті. Яғни тағы да шұғыл ота жасатуымыз қажет болып отыр. Осы айдың 18-і күні сағат бес шамасында Стамбұлға қызымыз екеуіміз ұшамыз. Меніңше, отаны 20-сы күні жасайды”, – дейді ол.

ьоль

Осы орайда, Ақсана ханым міндетті түрде қазақстандықтармен хабарда болып, қызының жаңалықтарын бөлісуге уәде етті. Мұнымен қатар, аз уақыт ішінде көп қаржы жинауға көмектесіп жатқан жандарға алғыс айтты.

“Небәрі екі күннің ішінде 750 мың теңге жиналғаны рас. Оның үстіне барлық отаға қажетті шығынды Аружан Саинның қоры көтеріп отыр.

Ал халықтан келген ақшаны ұшақ билетіне, жатын орынға төлемекпін. Маған аурухана маңынан арзан пәтер тауып беруге уәде етті. Бірақ, соның өзінің құны күніне 150  доллардай болып отыр. Мұнымен қатар, отадан кейін протондық сәулелендіру жасатсақ деген ниетіміз бар. Бірақ, оның қаншалықты қажет екенін түркиялық дәрігерлер айтады.

hUXscy0N89U

Оның да құны аз болмасы анық. Десе де, осы күнге дейін жиналған ақша жеткілікті деп ойлаймын. Сол үшін тілектес болып, дұға етіп, қаржылай көмек көрсетіп жүрген жандарға алғысым шексіз.

Оларға Алланың нұры жаусын! Отбасыларына береке беріп, бала шағалары аман болсын! Ұшаққа билет алған соң да шотта 630 мың теңге жиналып тұр. Қазір барып тағы да қарамақпын. Қайырымды жандарға деген алғысымды айтып жеткізе алмаймын!

Әрдайым саулықтарыңызды тілеп дұға ететін боламын. Қызыма ота жасалатын күні де дұға-тілек жасауларыңызды сұраймын. Ең бастысы, көптің тілеуі деп білемін”, – дейді Ақсана ханым.

Шұғылаға көмек қолын созғысы келетін қайырымды жандар келесі шот нөмірлері бойынша ақша аудара алады.

Kiwi-әмиян: 8747 778 7083

Halyk Bank 4402 5735 4479 7360

Естеріңізге сала кетсек, күні кеше Сәкен Майғазиев алғашқылардың бірі болып Шұғылаға қомақты сома аударған болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте 600 миллионан астам теңгеге тұрғызылған спорт кешені жабылудың аз-ақ алдында тұр

Балаларды тек қазақ мектебіне беруге шақырған мұғалім жауапқа тартылмақ

Қызылордада әкімдік ғимаратын әкім деп «таныстырғандар» күлкіге қалды

Алматы автобустарында билетсіз жүрген жолаушыларды полицейлер жаппай ұстап жатыр

Талқылау