Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марқұм Ескендір Сүлейменовтің әкесі: Біздің ұлымыздан айырылғанымыз аз ба?

Белгілі қаламгер Олжас Сүлейменовтің немересінің өліміне кінәлі деп танылған Малика Мұхитоваға қатысты сот үкімі шыққаннан кейін, Ескендір Сүлейменовтің әкесі сұхбат беріп, бүгінгі күні болып жатқан жайттарға қатысты пікір білдіріп, отбасындағы ахуал туралы айтып берді, деп хабарлайды «Время» газетіне сілтеме жасап Stan.kz.

Ескендір Сүлейменов

Еске салак кетсек, таяуда Малика Мұхитоваға қатысты сот үкімі шығып, ол 2 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Мұнан кейін желіде «Маликаны кешіріңдер» атты науқан басталды.

Осы жайтқа қатысты пікір білдірген Сергей Хан Мұхитоваға берілген жаза мерзімінің өзі үшін ең маңызы жоқ екенін айтты. Төрелігін айтатын мен емес, көп болсын, аз болсын, мен үшін жаза мерзімі маңызды емес, дейді ол.

«Бүгінде сот үкіміне қатысты түрлі пікір айтылып жатыр. Ол өлім жазасына кесілген жоқ қой. Менің ұстанымым қарапайым – адам өліміне алып келген ЖКО үшін нақты мерзім берілуі тиіс. Ал жаза түрін мен немесе басқа адам емес, сот шешеді», – дейді марқұмның әкесі.

Сонымен қатар ол сот өтіп жатқан кезде қорғаушының позициясын түсінбегенін айты. Ескендірді қағып кеткен Малика өз кінәсін мойындап, туыстарынан кешірім сұрады.  Алайда оның қорғаушысы өз нұсқасын айтып, тіпті, бұл жағдайға Ескендірдің өзі кінәлі екенін мәлімдеген. Ресейлік сарапшылардың пікіріне сүйенген қорғаушы олардың есебі бойынша, мотоцикл 88 шақ/сағ емес, сағатына 116 шақырым жылдамдықпен қозғалған. Демек, ол қатты жылдамдықпен келе жатқан, деп мәлімдеген қорғаушы.

Алайда апат орнында түсірілген видео мүлде басқа жағдайды көрсетеді. Мұхитованың көлігі мотоциклге жол бермей, тіпті жүргізуші қарсы бағытқа қарамаған.

Сұхбат барысында ЕскендірСүлейменовтің әкесі өз ұлының өліміне кінәлі Малика Мұхитованы кешіру турасындағы сұраққа жауап берді.

«Қанша тырыссам да, оның өкінетініне сенбеймін. Адам өкінген кезде өзгелерді кінәламайды. Қорғаушы Ескендірдің өзі кінәлі екенін нақты айтты. Бұл өкініш пе? Бұл ыңғайлы позиция – біз кінәліміз, кешіріңіздер, алайда сіздер де кінәлісіздер ғой деген тәрізді.

Әлеуметтік желілерде адамның сезіміне әсер етуге тырысып жатыр. Алайда бұл ретте біздің құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатқанымыз ұмыт қалған сияқты. Егер орта ғасырлардағыдай, бізде халық соты болса, бұл науқанды түсінетін едім. Алайда қазір қылмыстық кодекске өзгертулер енгізілген. Тараптардың татуласуына байланысты іс тоқтатылмайды. Сондықтан бұл жерде біздің позициямыз маңызды емес», – дейді Сергей Хан.

Сонымен қатар марқұмның әкесі әлі күнге дейін тамағына ас батпайтынын және түнде ұйықтай алмайтыны жасырмады. Ал жұбайының жүйкесі сыр бере бастаған. Отбасымның басынан өткен жайтты ешкімге тілемес едім, дейді ол.

«Біздің отбасымызға жас қыздың өмірін қор қылатынымыз туралы айтып жатыр. Ал сонда Ескендірдің алдағы өміріне қатысты жоспарлары болмады ма? Ол шаңырақ көтергелі жүрген. Жұмыс істеді. Шетелге шақыртулар алды. Алайда Қазақстанда өмір сүргісі келді. Қазіргі уақытта отбасымның қалай өмір сүріп жатқанын білмейсіздер. Мен тамақ жеп, ұйықтай алмаймын. Әйелімнің жүйкесі сыр бере бастады. Сонымен қатар ол желідегі барлық жазба мен пікірлерді оқып отырады. Көбі бізден адамдар неге осылай жасайды деп сұрайды. Біздің ұлымыздан айырылғанымыз аз ба?

Ешкім біздің орнымызда болып, біздің басымыздан өткенді көремесе екен деймін. Баласынан айырылып көрген адам «оны кешіріңдер», «түрмеден құтқарыңдар» деп сұрамайды. Сіздер біздің жан-дүниемізде не болып жатқанын түсінбейсіздер. Жүрегіміздегі жүк жеңілдеп жатқан жоқ, жүрегіміз одан сайын ауырады», – дейді Сергей Хан.

Естеріңізге сала кетейік, 22 маусымда Астанадағы «Мәңгілік Ел» және Керей-Жәнібек хандар көшесінің қиылысында жол апаты орын алды. Жазатайым оқиға кезінде жас мотоциклист қаза болды. Кейіннен оның танымал жазушы Олжас Сүлейментің немересі Ескендір Сүлейменов болғаны белгілі болды. Ал оны көлігімен қағып кеткен Малика Мұхитова полиция полковнигінің қызы болып шықты.

Бұған дейін Олжас Сүлейменовтің немересін қағып өлтірген қыз марқұмның ата-анасынан кешірім сұраған еді. Ал оның қорғаушысы өтемақы төлеуге дайын екендерін айтқан. Мұнан кейін айыпталып жатқан Малика Мұхитовадан 14 миллион 753 мың теңге көлемінде материалдық шығынды өтеуі талап етілген еді. Артынша марқұмның анасы сот төрағасының талабы бойынша материалдық шығын өтемақысын сұрағандарын айтты. Біраз уақыттан кейін марқұмның ата-анасы материалдық шығыннан бас тартты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау