Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Марқұм болған” жігіт өзінің жерлеу рәсімінің үстінен түсіп, жұрттың зәресін ұшырды (фото)

Парагвай тұрғыны өзінің жерлеу рәсіміне келіп, туыстарының зәресін ұшырды.

"Марқұм болған" жігіт өзінің жерлеу рәсімінің үстінен түсіп, жұрттың зәресін ұшырды (фото)

Бұл туралы Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға Амамбай департаментіндегі Санта Тереза аулында орын алған. 20 жастағы Хуан Рамон Альфонсо Пеньяо бірнеше күн бойы жоғалып кетіп, табылмаған.

Полиция белгісіз адамның мәйітін тауып алып, оның тұлғасын анықтай алмаған. Өз кезегінде Пеньяоның отбасы мәйіттің өз ұлдарына тиесілі деп ойлапты. Ауыла есірткі сатумен айланысатын банда болғандықтан, топтың мүшелері жас жігітті өлтіріп кетті деп топшылаған.

"Марқұм болған" жігіт өзінің жерлеу рәсімінің үстінен түсіп, жұрттың зәресін ұшырды (фото)

Артынша полиция белгісіз адамның өртелген мәйітін Пеньяоның отбасына берген. Алайда отбасы ұлдарының жерлеу рәсімін өткізіп жатқанда, Хуан Рамон үйге кіріп келіпті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау