Марқұм Айзат Әбдісаматтың анасы: Қызы “мама” деген сөзді айтпайды

Ақтөбеде 28 жастағы тележүргізуші Айзат Әбдісаматтың өліміне қатысты сот отырысы жалғасуда. Алайда айыпталушылар өз кінәсін мойындамай отыр. Ал марқұмның анасы кінәлілердің жазалануын талап етуде.

Марқұм Айзат Әбдісаматтың анасы қызының өліміне кінәлілердің жазалануын талап етті

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Айзат Әбдісаматтың өліміне қатысты кооператив директоры мен механик айыпталуда. Алайда олар өзіне тағылған айыптармен келіспей отыр.

«Мен айтып отырмын ғой, менен көмек сұрағаннан кейін тросты ауыстырдым. Болды. Олардың өздерінде жауапты механик болуы тиіс. Сол жауап беру керек», – дейді механик Жарылқасын Ақжанов.

Ал марқұмның анасының айтуынша, қайғылы оқиғадан кейін ешкім келіп кешірім сұрамаған. Ол оқиғаға кінәлілердің өз жазасын алғанын қалайды.

«Ешқайсы да мойнына алғысы келмейді. Әркім өз жауапкершілігімен жұмыс істесе, екі әулет мұндай қайғыға душар болмас еді. «Айзат қайда кетті? Айзатты танисыңдар ма?» – деген сұрақтар қояды. Суретін көріп:  «Мынау менің Айзатым, ханшайымым», – дейді. Бірақ менің мамам қайда, мама деген сөзді айтпайды ол бала», – дейді марқұм Айзат Әбдісаматтың анасы Айша Төлемісова.

Ал тележүргізуші жаншылып қайтыс болған лифт 5 айдан бері істемей тұр. Оған әлі жөндеу жұмыстары жүргізілмепті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар