Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ангела Меркель фастфуд жеп тұрған жерінен көзге түсті (видео)

Германия канцлері Ангела Меркель 19 ақпан күні Брюсселде өткен Ұлыбритания мен Еуросоюз тағдырын талдаған отырыс арасында фастфудпен жүрек жалғап алуды жөн көрген.

image

Reuters хабарлауынша, саясатшы 20:00-ге жоспарлаған кешкілік асты күтпей, дәмханалардың біріне аттанған.

Германия канцлері өзінің көмекшілерімен бірге Maison Antoine атты дәмханаға барған. Ол фри картобы мен андалуза тұздығын сатып алған. Тұздық бұрыш пен майонез қосылған қызанақтан жасалған.

Мұны көргендер сурет пен видеоға түсіріп алып, интернетке жариялаған.

Талқылау