Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марк Цукерберг қызымен түскен алғашқы фотосын жариялады

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг  қызымен түскен алғашқы фотосын жариялады.

3

Отбасылық портретін ол “Фейсбуктегі” өзінің парақшасында жариялады.

Қызы Макс 2 желтоқсанда дүниеге келген. Ол қазір желідегі ең танымал жаңа туған сәбиге айналды. Оның әкесімен бірген түскен суреті  шамамен үш миллион лайк жинады.

Цукерберг суреттің астына “Қызым Макспен өткізген бақытқа толы сәт” деп жазды.

Осыған дейін Цукерберг қызына арналған ашық хат жариялаған. Онда өз акцияларынан бас тартуға дайын екенін мәлімдеген. Мұнда “Фейсбуктің” негізін қалаушы мен оның әйелі  Присцилла Чан компания акцияларын қайырымдылыққа беретіні жайлы жазған.

4

Талқылау