Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Асхат Тарғын тойда асабамен төбелесіп қалды (видео)

Әнші Асхат Тарғын асаба Айбек Қоңырбаевпен жұрт алдында төбелесіп қалды. Арты төбелеске ұласқан тойдың қай қалада өткені белгісіз. Оқиға видеосы YouTube желісінде жарияланды.

Screenshot_4

Асхат Тарғынмен жаға ұстасқан асаба төбелестің неден шыққанын айтып берді


«Чип-чип» хитінің орындаушысы Асхат Тарғын тойдың үстінде бүлік шығарды. Ол әнші Айбек Қоңырбаевты соққыға жықты» – делінген видеоның жазбасында.

Асаба әрі әнші Айбек Қоңырбаев жарты сағаттық антракт жариялап, той қонақтарын билеуге шақырды. Одан кейін асабаны өзіне шақырып алған Асхат Тарғын онымен бірдеңеге келіспей, екеуі дауласып қалды. Кенет асаба Тарғынды итеріп жібереді, әнші де үнсіз қалмай жауап қайтарады. Той қонақтары қос әншіні ажыратуға кіріскен.

Айта кетейік, қазақстандық әнші Асхат Тарғын “Мария арман едің” әнімен танылған еді.  2014 жылы жарыққа шыққан туынды сөзсіз “той хитіне” айналған-ды.

 

Жіберіп алмаңыз: 

Есентаева: Қазақстанда бәрі ұят пен қымсынудан тұрады

Алтынбек Қоразбаев “Ninety one” тобын жақтап сөйледі

Қайрат Нұртас қымбат киімдерін елге үлестіріп беруінің себебін түсіндірді

Гүлмира Ақүрпекованың күйеуін өз құдашасы тартып алған (фото)

Талқылау