Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марихуана темекіден де зиян болып шықты

Сан-Францискодағы Калифорния университетінің ғалымдары марихуананың жүрек қан-тамырлар жүйесіне тигізер залалы туралы зерттеулерін жариялады.

ыы

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Бұл тышқандарға жасаған сынақ барысында байқалған. Олардың қан тамырлары темекі түтінінен қарағанда есірткі түтінін қабылдаған соң үш есе ұзақ уақыттан соң қалыпты жағдайға келген.

Тышқандар есірткі түтінін бір минут уақыттай иіскеген кезде, олардың күретамырлары қанды толық 90 минуттан да аз өткізген. Екінші темекі түтінен қабылдаған сәтте қалыпқа келу үшін 30 минут уақыт жұмсалыпты. Ғалымдар әсердің уақытша болғанына қарамастан есірткіні ұзақ қабылдау созылмалы ауруға себеп болып, күретамырлар жолын бітеп тастайды екен.

Зерттеушілердің айтуынша, адам мен тышқандардың күретамырлары өте ұқсас. Демек, аталмыш жәндікке темекі мен есірткі қалай әсер етсе, адамның қан-тамыр жүйесіне де солай әсерін тигізеді.

Талқылау