Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мариана шұңғымасынан консерві банкалары табылды

Адам өз ізін тіпті сонау әлемдегі ең терең нүкте Мариана шұңғымасына да қалдырып үлгеріпті. Ғалымдар мыңдаған метр тереңдіктен бірнеше консерві банкалары мен басқа да қоқыстарды тапты.

Безымянный

Бұл туралы National Geographic Россия хабарлайды.

Америкадағы мұхиттық және атмосфералық зерттеулер ұлттық басқармасының ғалымдар 2016 жылдың 20 сәуірінен бастап Мариана шұңғымасында зерттеу жүргізуде. Зерттеу шаралары 10 шілдеге дейін жалғаспақ. Терең түкпірді зерттеген ғалымдар бірнеше жануарлар түрін тауып, бірқатар ашылулар да жасап үлгеріпті.

Алайда мұнымен қатар аса қуанышты емес жағдайлар да алдарынан шыққан. Мәселен, сәуір айындағы зерттеу кезінде 4-5 мың метр тереңдіктен зауыт өнімдерінің қалдықтары табылған. Тіпті 3780 метр тереңдікте сыра бөтелкесі де кездесіпті. Ал банк консервілері болса, рекордтық тереңдікте – 4947 метр шалғайдан табылыпты.

Теңіз бен мұхитқа тасталған қалдықты жел айдап, шұңғыма түбіне шөктірген болуы мүмкін. Ғалымдар мұхиттың экологиялық жағдайына да алаңдаушылық білдіріп отыр.

Талқылау