Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марғұлан Сейсембаев: Қазіргі заманда концлагерлердің болуы адам шошырлық жайт

Қазақстандағы ең танымал кәсіпкер әрі инвесторлардың бірі Марғұлан Сейсембаев журналист Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында концлагерлерге қатысты пікірімен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

“Сеймар”, “Картел” компанияларының негізін қалаушыcы, Альянс банктің бұрынғы басшысы Марғұлан Сейсембаев қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап, өз пікірін ашық білдіретін белсенділердің бірі. Оның жетістікке жету оқиғасы көптеген қазақстандықтарды жақсы бастамаларды қолға алуға шабыттандырады десек,  артық айтқанымыз емес.

Кәсіпкер әрі инвестор журналистің Қытайдағы СУАР, “қайта тәрбиелейтін” лагерлер жайлы не ойлайтыны туралы сұрағына жауап ретінде бұл мәселені бірнеше рет көтергенін айтты.

“Иә, бұл шындық. Үлкен проблема бар. Мен оларға қатысты ақпаратты CNN, “Азаттық” сынды батыстық БАҚ-тан аламын. Мен осы сұрақты бірнеше рет көтердім, тіпті осыған қатысты жазбада жаздым. Қазіргі заманда концлагерлердің болуы адам шошырлық жайт. Біз оларға назар аудару керекпіз”, — дейді ол.

Көптеген адамның мотиваторына айналған Сейсембаев өзін соғылған, сатуға жарамайтын көлікке теңейді. Алайда қарапайым халық оны бұзылған жолда жүруге жарайтын, жол талғамайтын көлікке ұқсатады. Адамдардың оған дәл осылай жауап беруінің өз себебі бар. Өзінің өмірлік жолында Сейсембаев сеніп жүрген адамдардың тарапынан опасыздық көрген, бірігіп жұмыс істеген серіктестеріне алданып қалған. Бірақ, ол қаншама рет сан соғып қалса да, өз кәсібін қайта құрып, аяғына нық тұра білген азамат.

“Есікті тарс жауып, ешкімге өкпелемеген дұрыс. Себебі осы әрекеттен мүмкіндіктердің терезесі жабылып қалады”, — дейді инвестор.

Жетістікке жетіп, табысты адам атануды қалайтын жандарға ешқашан біреудің жетістігі жайлы оқиғаларды оқымауға кеңес береді. Себебі, жетістіктер бір-біріне ұқсамайды, ал қателіктер қайталана береді.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау