Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәреге жете бергенде жеңісін тойлаған велоспортшы жеңіліп қалды (видео)

Британиядағы Сайренсестер қаласында өткен веложарысқа қатысқан Джейми Уилкинс жеңісті ерте тойлап қойды.

vvvv

Ол мәреге санаулы метрлер ғана қалған сәтте қолын жоғары көтеріп, өз жеңісіне деген сенімділігін байқатады. Бірақ, бейнежазбаға мұқият қарасаңыз, ол қолын көтерген сәтте қарсыласының қуып жетіп, басып озғанын анық байқауға болады. Нәтижесінде Уилкинс мәре сызығын екінші болып кесті.

Осы кездегі жанкүйерлер арасында тұрған жасыл жейдедегі адамның көңіл-күйіне де назар аударуды ұмытпаңыз. Ол Уилкинстің соңғы сәтте қалып кеткенін байқамастан, қатты қуанған.

Талқылау