Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марат Сәрсенбаев: “Халал монша” қоғамға қажет

“Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы “Атамекен” пікірталас клубы “Қазақстанда халал индустриясының даму жағдайы” тақырыбында кезекті отырысын өткізді.

7B0192F0-358F-4A18-BE94-AC26F26C9A09_mw800

Бұл туралы baq.kz хабарлайды.

Кездесу барысында еліміздегі жалпы тауарлар мен қызмет түрлеріне “Халал” сертификатын алу төңірегінде әңгіме қозғалды.

Арнайы отырысқа қатысқан “Халал” стандарттау техникалық комитетінің президенті Марат Сәрсенбаев бүгінгі таңда қоғамда “Халал” ұғымы тек тамақтану саласын ғана қамтиды деген теріс түсінік қалыптасқандығын айтты.

“Қазіргі кезде “халал”, “харам” деп ажырату өте орынды. Шын мәнісіне келер болсақ, халал ұғымының өзі – өмір сүру салты. Таңғы ішетін шайыңыз да, жеген тағамыңыз да, жүріс-тұрысыңыз да «халал» болуы керек», – дейді Марат Ағыбайұлы.

“Халал монша” деп ешкім әзірге сертификат ала қойған жоқ. Бірақ болуы керек. Мысалы, дініміз бойынша ер адам дізеден жоғары, кіндіктен төменгі денесін ешкімге көрсетпеуі керек. Тіпті ер адам болса да. Ал қазіргі уақытта, әсіресе қоғамдық моншаларда атасы, баласы немере-шөбересімен тыржалаңаш бір моншаға түсе беретін болды. Әйел адамдар да сондай. Сондықтан «Халал монша» қалыптастыратын уақыт жетті біз үшін”, – дейді ол.

Оның айтуына қарағанда, «Халал» ұғымы жеңіл өнеркәсіп, қызмет көрсету, сақтандыру саласы сияқты қоғамның барлық аспектілерін қамтиды.

Басқосуда нарық ұсынып отырған тауарлардың барлығы, әсіресе, тамақ өнімдері «Халал» сертификаты талаптарына сай өндіріле ме, тауарлардың таңбалануына қаншалықты сенуге болады, қызмет көрсетуде тұтынушы құқығы ескеріліп жатыр ма деген сұрақтар сараланып, «Халал» индустриясы төңірігіндегі мәселелер кеңінен талқыланды.

Талқылау