Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марат Оралғазин ұрлықшылардың құрбанына айналды

Тележүргізуші Марат Оралғазин қолды болған MacBook шағын компьютерін қайтарған адамға ақшалай сыйақы ұсынды. Артист ұрлық туралы өзінің инстаграм парақшасында жазды.

122221

Фото: toibiznes.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Оралғазин үшін MacBook шағын компьютерінің өзі емес, ішіндегі құжаттар мен бірнеше жылдық еңбегі маңызды болып тұр. Артист аталған құрылғыға үш жылдан бері жазып келе жатқан телевизиялық бағдарламалар мен телехикаялардың сценарийін сақтап қойған екен.

Ұрлық Алматы қаласы Бостандық ауданы Науаи мен Әл-Фараби көшелері қиылысы тұсында болған. Жағымсыз жаңалықты естіген желі қолданушылары оның табылатындығын айтып, тележүргізушіге сабыр сақтауға кеңес беріп жатыр.

Талқылау