Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Марат Оралғазин неліктен әйелі мен балаларын көрсетпейтінін түсіндірді

Елімізге белгілі шоумен, әзілкеш әрі актер Марат Оралғазин жеке өмірін елден құпия ұстайтындардың қатарында. Сахнада жүргеніне бірталай жылдың жүзі болса да, Марат отбасы туралы айтқан емес. Шын мәнінде Оралғазиннің жұбайы мен үш баласы бар болып шықты. 

Марат Оралғазин

Бұл туралы ол Тимур Балымбетовтың "Шыны керек" бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

Айтуына қарағанда, келіншегінің есімі - Зита. Екеуінің ортақ үш баласы бар. Тұңғышы, атұстары бүгінде 7 жасқа келіп қалған. 

"Екі ұл, бір қызым бар", - деген Марат оларды неліктен көрсетпейтінін түсіндірді. 

"Негізгі ұстанымым - экранда мен болып қалуым керек. Жеке өмірім жеке болуы керек. Басында салып жүрдім, ол кезде Instagram қатты дамымаған. Бізде кейбір адамдардың ауыр сөйлейтін кезі болады. Әйелімнің, бала-шағамның суретін салмайтын себебім, оны біреу сынап, жаман сөз жазса, мен шыдамаймын. Бұлқынып, кәдімгідей түбіне жетемін. Оған жеткізбеу үшін жай ғана салмаймын", - дейді Оралғазин.

Перзенттерінің суретін бірнеше мәрте Instagram-Stories-ке салып көрген Марат оларға көз тигенін айтады. Сондықтан да актер отбасын мүлдем көрсетпеуге бекінген. 

"Мүмкін менің миымда сондай ырымшылдық бар шығар. Көз тиеді. Мен оған сенемін", - дейді Марат.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр