Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марат Омаровтың құпиясы: Сазгердің тағы бір қызы бар болып шықты (фото)

Әнші Марат Омаровтың жұрттан жасырған сыры ашылды. Сазгердің халық білмейтін тағы бір қызы бар болып шықты. Өзін Зульфия Омарова деп таныстырған бұрымды, атақты композитордың екінші әйелінен туған екен. Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген ару көпшілікке беймәлім болған құпияларды бүкпесіз баяндауға әзір.

Марат Омаровтың жұрттан жасырған әйелі мен қызы бар болып шықты

–         Зульфия, сәлем! Өзің жайлы толығырақ тартқатсаң…

–         Мен Зульфия Омарова. Жасым 24-те. Мен қазақ-түрік лицейінде оқыдым. Кейін Алматыдағы республикалық Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде «актер» мамандығын бітіргенмін. Одан кейін шет елде оқып келдім. Өнерге қатты жақындамадым. Бірақ өзім ән айтамын. Қазіргі таңда отандық телесериалдарға, клиптерге түсіп жүрмін. Сондай-ақ, Астанада бизнес саласында қызмет етемін. Болашақта Алматыға көшіп келіп, өнерге қадам басу ойымда бар. Қанда бар болғаннан кейін өнерге жақынмын. Өзім талпынып, өзім көтерілгім келеді. Ертең «әкесінің арқасында, көкесінің арқасында көтерілді» – деген әңгіме болмасын деген ой ғой.

–         Марат Омаровтың алғашқы некесінен Зарина, Мәдина, Азамат есімді ұл-қыздары бар. Бүгінде аға-әпкелеріңмен қаншалықты араласып тұрасың?

–         Зарина, Мәдина, Азаматпен өте жақсы қарым-қатынастамын. Мен оқуға Шымкент қаласынан Алматыға алғаш рет келген кезде, сол бауырларыммен бірге тұрғанмын. Мәдинамен, Азаматпен және оның әйелімен, яғни отбасымен тұрдым. Қазір енді Мәдина тұрмыс құрып, Астанада тұрады. Бір қалада болғаннан кейін Мәдинамен де қарым-қатынасым жақсы. Мен оларға ризамын. Өнерлі, дарынды адамдардан көп ұрпақ болғаны дұрыс деп ойлаймын. Менің бауырларымның көп болғанына өте қуаныштымын. Мүмкін Зарина әпкем Омаровамен дуэт те жазып қалармыз. Болашақта көре жатарсыздар.

Марат Омаровтың жұрттан жасырған әйелі мен қызы бар болып шықты

–         Бүгінде Марат Омаровтың үшінші отбасы бар. Ол шаңырақта Бибімәрия атты кішкентай қыз өсіп келеді. Әкеңмен және сіңіліңмен кездесіп тұрасың ба?

–         Күніге сөйлесіп тұрамыз. Кейде кездесіп тұрамыз. Әркімнің өз өмірі мен отбасы бар ғой. Көбінесе әкеміз жақтың тойларында кездесіп тұрамыз. Әжеміздің үйінде көбінесе бас қосып тұрамыз. Әкеммен кездескенде кішкентай Бибімәрияммен де кездесіп тұрамын. Өнерлі кішкентай қыз біздің қанымыз ғой. Әрдайым хабарласып тұрамыз.

–         Ата-анаңның дәм-тұзы жараспады. Қаршадайыңнан әкесіз өстің. Осы уақыт аралығында әкеңді кінәлаған сәттер болды ма?

–         Әкеме ешқандай реніш жоқ. Әркім өз өмірін сүріп жатыр. Менің анам да жарымен өз өмірін сүріп жатыр. Мен анамның қасында болғандықтан, әкеме реніш болған жоқ. Өйткені, мен өз өміріме ризамын. Өмір бір рет қана беріледі. Әр адам өз жолын таңдайды. Бала үшін немесе біреу үшін өмір сүрудің қажеті жоқ. Әркім өз қалауынша өмір сүру керек. Ешкімнің алдында ешкім міндетті емес.

Марат Омаровтың жұрттан жасырған әйелі мен қызы бар болып шықты

–         Сөздің шыны керек, көпшілік Марат Омаровтың алғашқы отбасын және қазіргі жанұясын жақсы біледі. Бірақ екінші некесі жайлы көп жерде айтыла бермейді. Себебі неде деп ойлайсың?

–         Өйткені, бірінші әйелінен туған Заринаны көп адам біліп қалды. Зарина халықтың алдына шықты. Менің анам мен әкем бірге ұзақ өмір сүрмеген. Мен бес жасыма келгенде ата-анам ажырасып кетті. Екінші отбасына келген сәтте тыныштық болып қалды. Қазір үшінші әйелі шығып жүр. Кішкентай қызының шығармашылығымен айналысып жатыр.

–         Әкең мен анаңның қазіргі таңдағы қарым-қатынасы қалай?

–         Әкем мен анам араласпайды. Бірақ оқу жағынан болсын, мен туралы үлкен шешім қабылдайтын кезде анам әкеммен ақылдасады. Екеуі бірге шешеді. Анам қазір Шымкент қаласында. Өз отбасы бар. Ол жақта да кішкентай үш бауырым бар. Жан-жақтан бауырларға баймын. Мен әкеммен өте жақсы қарым-қатынастамын. Өнерін сыйлаймын. Адам ретінде сыйлаймын. Өнер адамы болғаннан кейін ішкі дүниесі өте терең. Өзі сондай ақкөңіл, жақсы адам!

–         Сырыңды ашып, шынайы сұхбат бергеніңе мың алғыс. Алдағы уақытта Зульфия Омарованы өнердің биігінен көрейік!

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау