Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марат Омаровтың үш некеден туған қыздары бір-бірімен араласа ма?

Әйгілі сазгер Марат Омаровтың тұңғышы Заринаны ел жақсы біледі. Сазгердің алғашқы некесінен тағы Мадина есімді қызы мен Азамат есімді ұлы бар. Сондай-ақ, екінші некесінен туған Зульфия есімді қызы жаңадан өнерге қадам басып келеді. Ал бүгінде үшінші әйелімен тұрып жатқан сазгердің бұл отаудан Бибімәриям есімді қызы өсіп келеді. Ал сазгердің үш некесінен туған қыздары бір-бірімен араласа ма?

Марат Омаровтың үш некеден туған қыздары бір-бірімен араласа ма?

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Зарина Омарова бүгінде екі баланың анасы. Сахнаға жастай шыққан оны көпшілік “Жан гүлім” хиті арқылы таниды. Ал сазгердің екінші некесінен туған 25 жастағы Зульфия Омарова жақында ғана өзін көпшілікке таныстырды.

“Өйткені Заринаны, бірінше әйелін көп адам біліп қалды. Зарина халықтың алдына шықты. Менің мамам мен әкем ұзақ өмір сүрмегеннен кейін бірге. Мен бір 5 жасыма келгенде, екеуі ажырасып кетті”, – дейді бойжеткен.

Бұдан кейін Омаров үшінші рет отбасын құрған. Бүгінде үшінші некесінен Бибімәриям есімді қызы бар. Үш түрлі анадан туғанымен, апалы-сіңлілі қыздар бір-бірінің өнерін қолдап, араласып тұратын көрінеді.

“Әрине, енді көбінесе анасы тартады өнерге. Енді папамыз өнерлі болғаннан кейін, өнерлі болсын деп… Менің ойымша, өнерде де жүру керек. Өйткені, таланты жетіп жатыр Бибімәриямымыздың. Биін көрдіңіздер, әндері бар. Сол себепті екі жақты да алып жүрсе де жаман емес”, – дейді Зарина Омарова.

“Бибімәрияммен әкеммен кездескен кезде кездесіп тұрамыз. Бибімәриммен де жақсы қарым-қатынас. Өте өнерлі, кішкентай біздің қанымыз ғой бәріміз”, – дейді Зульфия Омарова.

Үш түрлі шаңырақта тәрбиеленген Омаровалар бүгінде жиын-тойларда бас қосып тұрады екен. Ал алдағы уақытта апалы-сіңлілі қыздар сахнаға бірігіп шықса таңғалмаңыз.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау