Маоның алтын жалатылған алып мүсіні үш-ақ күн тұрды

Дүйсенбі, 11 Қаңтар , 2016 9:09

Қытайдың Хэнань провинциясында бой көтерген Мао Цзэдунның 36 метрлік алтын жалатылған алып мүсіні үш-ақ күн тұрды.

08-01-16-china-ststuia-1

Бұл туралы ras.kz сайты хабарлайды.

«Құрылысы 5 қаңтар күні аяқталған Мао Цзэдунның 36 метрлік мүсіні үш күннен кейін қиратылды», делінген хабарламада.

Жергілікті шенеуніктердің сөздеріне қарағанда, монументті алып тастаудың себебі түсініксіз. Басылымның болжамынша, жоба үкімет тарапынан тиісті қолдауды алмаған. Бірақ оны жасаушылардың жұмысты бастар алдында елдің басшылығымен неге кеңесіп алмағандары айтылмайды.

Қаңқасы бетон мен болаттан соғылып, сыртына алтын жалатылған ескерткішке үш триллион (460 мың долларға жуық) қаржы жаратылған. Қаражатты «Ұлы асыраушының» мүсіні қойылған Тунсюй елді мекенінің тұрғындары жинаған. Олар монумент туристердің мұнда көптеп келулеріне себеп болады деп есептеген.

Қытай әлеуметтік желісін пайдаланушылар статуяны көрген бойда оны мазаққа айналдыруға көшті. Олар ең алдымен мүсіннің Маоға ұқсамайтынын ауызға алды. Ал формалды емес блогтағылар «Ұлы асыраушының» аяқтары ортасынан екінші бастың көрініп тұрғанын айтып, келеке етті.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар