Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мансабын ашық түрде асыра пайдаланған депутаттар сынға қалды (фото)

Мәжілістің бірқатар депутаттары  мемлекеттік қызметкерлерге ортақ бұйрықтарға бағынбайтын  болып шықты. Парламент пен үкіметтің бірлескен отырысына келген олар жиын басталмай тұрып  смартфондарын еркін пайдаланып, осыдан бірнеше ай бұрын күшіне енген бұйрықты елеген де жоқ.

деп6

Бұл туралы  newtimes.kz сайты жазған.

Жиын басталмай тұрып  гаджеттерін парақтап, смартфон экранына үңілгендердің қатарында Майра Айсина, Артур Платонов, Бекболат Тілеухан, Азат Перуашев, Зәуреш Аманжола сынды депутаттармен бірге, Ерлан Сағадиев және Ерлан Ыдырысов секілді министрлер де болды.

Естеріңізде болса, ағымдағы жылдың 24 наурыздан бастап мемлекеттік мекемелердің  ғимараттарына смартфон мен планшет алып кіруге тыйым салатын бұйрық қабылданған болатын. Ішкі ереженің бұл түрі  мемлекеттік құпия құжаттардың жиі жарияланып кетуінен кейін қабылданған еді. Аталған құжатқа сәйкес, бірде-бір мемлекеттік орган ғимаратына смартфон мен планшет, гаджеттер, тіпті смарт-сағат алып кіруге де болмайды делінген. Ал, депутаттар мен министрлер мұндай ереженің барын біле тұра Парламент ғимаратына еш кедергісіз смартфондарын алып кіріп, оны еркін пайдаланып жүр.

деп7

деп

деп2

деп3

деп4

деп5

 

 

Талқылау