Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстаулық сарбаз әскерден анасына қашып кеткенін айтты

Әскери прокуратура сарбаздың ауыр отбасылық жағдайына байланысты әскерден қашып кеткенін жария етті.

v-lesu-pod-chelyabinskom-obnaruzheno-telo-sbezhavshego-soldata-srochnika_1

Бұл туралы Tumba.kz хабарлайды.

Полицейлер қашқын сарбазды Маңғыстау облысы, Жетібай ауылынан аман-есен күйінде тапқан. 1996 жылы туған жігіт жоғалғаннан кейін үш күннен соң табылып отыр. Әскери прокуратураның мәліметінше ауылға дейін ол жолай кездескен көлік арқылы жеткен. Қазір жауынгерді қайтадан әскери бөлімге алып келді.

“Оның ата-анасы ажырасып кеткен, анасы жалғыз қалыпты. Ол үйін сағынып, анасын көргісі келгендіктен қашып кеткен”, – деді әскери прокуратура.

Сарбаз 23 маусым күні кешкі уақытта қашады. №25744 әскери бөлімінің екінші батальонында кешкі демалыс алдында кезекші барлық жауынгерлерді түгендеу барысында, бір сарбаздың жоқ екенін байқаған. Осылайша әскери бөлімде бірден шу көтеріледі.

Белгілі болғандай сарбаз әскер қатарына 2017 жылы Оралдан шақырылған. Ол әскери бөлімнен қарусыз күйде қашып кетіпті.

Оқи отырыңыз:

Биыл Алакөлге әдеттегіден екі есе көп турист келмек

Алматылық автотұрақ реттеушісінің әрекеті желі қолданушыларын риза етті (видео)

Қостанай облысында екі адам өз-өзіне қол салды

Қазақстандықтар осы аптада сенбі күні де жұмыс істейді

Талқылау