Маңғыстаулық оқушылар мектеп бітіру кешіне жинаған ақшаларын науқас қызға табыстады
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының №1 лицейінің оқушылары мектеппен қоштасу кешіне жинаған ақшаларын қант диабетімен ауыратын екінші сынып оқушысына табыстады.
Бұл туралы “Лада” басылымы хабарлайды.
“Әсел Исатайқызы инсультке тәуелді қант диабетімен ауырады. Әсел оқитын мектептің түлектері 5 маусым күні қыздың туған күніне арнап тосын сый жасады. 11 сынып оқушылары оған 124 мың теңге табыстады. Олар бұл ақшаны мектеппен қоштасу кешіне жинаған екен”, – делінген Маңғыстау облысы білім басқармасының баспасөз қызметінде.
Ал Әселдің ата-анасы өз кезегінде түлектерге шексіз алғыстарын жеткізген.
Талқылау