Маңғыстаудағы бірнеше ауылды су басты

Бейсенбі, 18 Ақпан , 2016 22:06

Себеп- тоқтамай жауған қатты нөсер. Әсіресе, Атамекен ауылы қатты зардап шекті. Киер киімі мен бар құжатын қолтығыа қысқан тұрғындар, баспаналарын тастап қашып жатыр. Балаларда кешеден бері мектепке бармаған.

20groza3

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бұл үйлерде өмір сүру мүмкін емес. Өйткені, толассыз жаңбырдан кейін жердің астына жиналған су еденнен шығып, тобыққа жетеді. Жылда қайталанатын жағдайдан тұрғындар әбден жапа шеккен. Қазір үйлердегі заттар суға малынып, қажетсіз болып жатыр.

Атамекен ауылындағы көшелердің жағдайын айтпағанда, жаңбыр толассыз жауған сайын үйлерге су толып барады. Тіпті, қымбат тұрмыстық техникалары жарамсыз болып қалған. Бірнеше отбасы таңғы 5-тер шамасында қатты жауған нөсерден кейін балаларын алып, шалғайдағы туыстарының үйін паналап кетіпті.

«Акиматтан ешқандай көмек жоқ. Мынау не масқара?!Бала-шағамыз бар қарайған. Акимат техникамен келіп сорып көмектеспейді. Өз ақшамызға су сорып, құм төсеуге қалтамыз көтермейді. Қайда барып тұрамыз?»,-  дейді Атамекен ауылының тұрғыны Клара Айсанова.

«Үйлерімізге кіре алмай отырмыз. Ауладан бастап үйдің іші толы су. Топырақ сепсек те пайда болмай жатыр. Акимат сірә көмектеспейін деп тұр. Өз үйлеріңді өздерің тазалап алыңдар,- дейді»,- деп уәжін айтты Атамекен селосының тұрғыны.

Халық зар илегенімен, ауыл әкімдігінен қазір қайыр болмай тұр дейді. Өйткені, оларда су соратын бірде-бір техника жоқ. көрінеді Тек кәсіпкерлерден жалға алады екен. Техника табылған жағдайда да, әкімнің қол ұшын беруі екіталай дейді халық. Өйткені әкім су басқан 15-ке жуық жеке үйдің барлығын бірдей мемлекет қаржысына тазартта алмайтынын айтыпты.

«Біз алдымен көшелерді тазалаймыз техникамен. Үйлерді негізі суды соруға біз міндетті емеспіз. Бірақ, мүмкіндігімізше көмектесеміз.Бірінші көше сорып болайық, сосын үйлерді көре жатамыз. Мемлекеттің қаражатына қалай көмектесеміз жеке үйлерге? Ертең бе, арғы күні ме көреміз ол жағын. Барлығына көмектесуге жағдайымыз жетпейді ғой»,- деді Атамекен селосының әкімі Махмұд Қалжанов.

Атамекен ауылын су басқан күні Маңғыстаудағы «Приморский» елдімекенде құбыр жарылып, су ауылды жайлады. Салдарынан көліктердің қозғалысы қиындады. Енді жел тұрса құбырдан аққан су қатып, жер көктайғаққа айналуы мүмкін.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар