Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда зиярат етушілер Бекет-ата мешітінің аумағын ластап тастаған

Маңғыстау облысында жер астындағы Бекет ата мешітінің аумағын қажылыққа барушылар ластап тастаған, деп хабарлайды Казинформ.

100

Маңғыстау облысының аумағында Бекет-ата, Шақпақ-ата, Шопан-ата, Сұлтан-әпе секілді бірнеше жерасты мешіттері бар. Бұл объектілер өзінеше ерекше, сирек кездесетін дүние. Тіпті, әлемде бұған келетін ғимарат жоқ. Соның ішінде ең қадірлісі – Бекет-ата мешіті. Бұған мыңдаған зиарат етушілер келеді. Енді, осы мешіт аумағы кірленіп жатыр.  Ең бастысы киелі жерге апаратын соқпақ жолдың жиегі таза. Ал оның ар жағында мешіттің қарсы бетіндегі тіп-тік құзға мұржа шығарылған, ол тамақ қалдықтарына толы. Оның ағып жатқаны да шамалы.

-Өкінішке орай, келушілер өздерімен бірге қоқыстарын жинап, алып кетпейді. Сондықтанда оқыс үйіндісі жиналып қалған. Негізі тамақ қалдықтары төгілетін бірнеше шұңқырлар қазу керек. Одан шыққан көңді маңайды көгалдандыруға пайдаланса деймін. тіпті, пластик ыдыстарды үгітетін 1,5-2 мың доллар тұратын ұнтақтағыш алса, бәрін үгітуге болады. Тым болмағанда Жағаөзендегі қоқысты өңдейтін зуытқа апарып тастауға болады,- деді «Эко Маңғыстау» басшысы Кирилл Осин.

Айтуынша, бірнеше әріптестерімен бірлесіп тазалық бойынша облыста рэйд жүргізген.  Акшұқұр аулының мола жағы қоқысқа толы екен. Және Құрық ауылында мектеп жанындағы каналицазиядан су ағып жатыр.  Басқұдық ауылдағы қоқыстың иісі жер жарады. Тіпті  маңайына қолайсыздық тудырып жатыр екен. Күн суытып қыс келсе де ол жағдай әлі өзгермегенін айтты.

 

Талқылау