Маңғыстауда жоғалып кеткен екі бүлдіршін тікұшақтың көмегімен табылды

Сәрсенбі, 25 Мамыр , 2016 11:51

Маңғыстау облысында 24 мамыр күні екі бала жоғалып кеткен еді. 2011 жылы туған екі бүлдіршін Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранкөл ауылынан 20 шақырым жердегі шаруа қожалығынан шығып кеткен.

12008460

Сурет ҚР ІІМ ТЖК

Екі 5 жасар баланы іздеуге 100-ге жуық адам, ондаған техника бірлігі және тікұшақ жұмылдырылды. ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, екі бүлдіршін сейсенбі күні жоғалып кеткен.

“Екі баланы іздеу жұмыстарына төтенше жағдайлар бөлімі, полиция басқармасы, әкімдік, 2087,99116 әскери бөлімдерінің қызметкерлері және еріктілер, жалпы алғанда жүзге жуық адам атсалысты. Оларды іздеу күндіз-түні жүргізілді”, – деді Иманқұлов.

Балалар ҚР ІІМ ТЖК МИ-8 АО тікұшағының барлау жүргізуі арқасында табылды.

“Жоғалған балалар шаруа қожалығынан 9 шақырым жерден табылды. Балалардың денсаулық жағдайы бірқалыпты. Әйтсе де медицина қызметкерлері қосымша тексеру жұмыстарын жүргізеді”, – деді төтенше жағдайлар комитетінің өкілі.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар