Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда жоғалған бозбала туралы мәліметке 2 млн теңге беріледі

17 жастағы Амандық Сатыбалдиевті екінші апта іздестіріп жатыр. Жас жігіт 26 тамыз күні үйінен кетіп, сол күйі оралмаған.

80252_b0

Б9л туралы Лада.кз хабарлайды.

Іздеу жұмыстарына оның достары, туыстары, әскери адамдар жұмылдырылуда.

«Жақында бізге іздеу жұмыстарына көмек ретінде  50 солдат берді. Әзірге ешбір ілік болмай тұр. Ұлымды жер жұтқандай», – дейді жоғалған жігіттің әкесі.

Ата-анасы ұлдары туралы қандай да бір мәлімет берген адамға 2 млн теңге төлеуге дайын. Олардың ойынша, бұл іздеу жұмыстарына септігін тигізеді.

Еске сала кетейік, 26 тамыз күні Амандық Сатыбалдиев кешкі сағат 20.00 шамасында Маңғыстау-5 ауылындағы үйінен щығып кеткен. Ол қара футболка, шалбар мен қара түсті сланцы киген.

Ол туралы қандай да бір ақпарат болса мына телефондарға хабарласуға болады: 8 778 382 2540 и 8 775 379 3344.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда тауда жоғалып кеткен жас жігіт табылды

Жоғалып кеткен 2 жасар бүлдіршін қамыс арасынан табылды

Бір ай бұрын жоғалып кеткен анасы мен ұлы Семейден табылды

Ақмола облысында жоғалған 22 жастағы Мақпал Жолдыбаева Астанадан табылды

Талқылау