Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда жасөспірім-спортшылар қызды зорлықтан құтқарып қалды

Маңғыстау облысында жасөспірімдер 23-жастағы қызды зорлықтан құтқарып қалды.

50729

Бұл туралы  tumba.kz хабарлады.

Оқыс оқиға осыдан бірнеше күн бұрын Мұнайлы ауданында орын алды. Кафеде даяшының қызметін атқаратын 23-жастағы бойжеткен үйіне қайту үшін таксиге отырған. Такси жүргізушісі қыздың үйіне бірнеше метр қалған кезде дөңгелегінің желі шығып кеткенін айтып тоқтаған.

Азаматшы К. тұратын үйдің жанында екі жігіт ішімдік ішіп тұрған. Қызды көрген бұзақылар оған тиісе бастаған.

Құқық қорғау органындағы дерек көз: «Бойжеткен екі жігіттің біреуін сөмкемен бір ұрғандықтан, мас жігіттер одан сайын ашуланған. Олар құрбандарын бір бұрышқа алып барып, жасаған қылығы үшін жауап беретінін айтыпты», – дейді.

Екі жасөспірім жігіт арам ниеттілердің жоспарына бөгет болды. Достарының үйінен қайтып келе жатқан жігіттер қыздың айқайын естігенде тез арада көмекке жүгірген. Қылмыскерлердің өздерінен екі есе үлкен болғанына қарамастан, жігіттер қызды құтқарып қалды. Зорлаушылар полицияның қолына түсті.

15-жастағы жасөспірімдер спортқа қатысатын болып шықты. Қылмыстың алдын алған жігіттер аттарын атауға ұялды. Жігіттер өз сөздерінде: «бапкерлеріміз түрлі айла-тәсілді үйретіп қана қоймай, елгезек әрі қайырымды болуға баулиды», – деді.

Жіберіп алмаңыз: 

Есікте бір топ жігіт жабыла зорлаған қыз алғаш рет бейнесұхбат берді (видео)

Есік қаласындағы қыз зорлауға қатысы бар соңғы күдікті ұсталды

Америкалық қыз 15 жыл өткен соң өзін зорлаған педофилден кек алды

Ақтаулық полицейлер 6 жастағы қызды зорлаған педофилді қолға түсірді

 

Талқылау