Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда жантүршігерлік апаттың соңы алапат өртке ұласты

Қара жолда тағы да қасірет! Бұл жолы екі көлік соғысып, арты алапат өртке ұласты. Салдарынан, жүргізушілердің бірі темір тұлпарының ішінде тірідей жанып кеткен,-деп жазды КТК арнасы.

Маңғыстаулық полицейлер осы сұмдық жол апатына қатысты тергеу амалдарын бастады.

Өліммен аяқталған апат кеше кешкі уақытта болған. Куәгерлердің айтуынша, Ақтау-Жаңаөзен трассасындағы жанармай бекетінен шыққан жеңіл көлік жолдың қарсы бағытымен жүріпті. Сөйтіп, алдынан жүк көлігі шыға келіп, екеуі қақтығысқан.

Қатты соққыдан от тұтанып, Renault-тің (Рено) жүргізушісі іштен шыға алмай қалған. Ақыры түгі қалмай өртеніп кетті. Машиналар да күлге айналды. Құдай сақтап, жүк көлігінің 25 жастағы жүргізушісі дін аман.

Ол дәрігерлердің көмегін де қажетсінбеді. Қазір жантүршігерлік оқиғаның мән-жайын сақшылар анықтауда. Олар сот-медициналық сараптамасын тағайындаған.

Оқи отырыңыз:

Белгілі композитор: Министрдің өзін аш ұстау керек

Бейсен Құранбек Талдықорғандағы ұзын көшені “Жансүгіров” деп атауға қарсы шықты

Елімізге танымал әншіні жат ағымға кіріп кеткені үшін әкесі байлап ұстап отыр

 

Талқылау