Маңғыстауда жүргізуші куәлігін тексеру жолаушы өліміне соқтырды

Сейсенбі, 19 Сәуір , 2016 12:48

Маңғыстау облысында көлік жүргізушісінің куәлігін тексеру процесінің соңы жолаушы өліміне әкеліп соқты.

lishenie-prav_opt

Сурет avtomotoprof.ru

Бұл туралы Тумба хабарлайды.

16 сәуір күні таңғы 04.30 шамасында Мұнайлы ауданының полицейлері “Опель Вектра” көлігінің жүргізушісін құжаттарын тексеру үшін тоқтатқан.

Көлік тізгінінде 29 жастағы Ақтау қаласының тұрғыны және 32 жастағы досы Өзбекстан азаматы болған. Тексеру кезінде жолаушы тәртіп сақшысымен сөзге келіп қалып, оған тіл тигізе бастайды. Ішімдік ішіп алған олар полицейлермен дауласа берген соң, тәртіп сақшылары оларды бөлімшеге алып кетеді.

Ақыры ұрысуды тоқтатпаған ұсталушы жүріп бара жатқан көліктен секіріп кетіп, бірнеше жерден жарақат алады. Таңғы сағат 7 шамасында зардап шегуші Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген. Бірнеше жерден ауыр жарақат алып, бас сүйегі мен миына зақым келген. Жарақат әсерінің күштілігі сонша ер адам келесі күні қайтыс болған. Денесі сот-медициналық сараптамасына жіберілді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар