Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Маңғыстау тұрғындарының педофилді піштіріп тастағаны жайлы ақпарат тарады

“Қызылтөбе-2″ ауылында 2-сынып оқушысын зорламақ болған азаматты куәгерлер сол жерде піштіріп тастады деген қауесет тарауда. Әлеуметтік желіде, тіпті ол кісінің қан-жоса болған фотосы тарап кеткен.

photo_80943

Тұрғындар арасында “Қызылтөбе-2″ ауылында 2-сынып оқушысын зорламақ болған азаматты куәгерлер сол жерде піштіріп тастады деген қауесет тарауда. Әлеуметтік желіде, тіпті ол кісінің қан-жоса болған фотосы тарап кеткен. Фотоны көрген желі пайдаланушылары мұндай жазаның әділ екенін жарыса жазып, ер кісіні қосымша тәртіп сақшылары да жазалауы тиіс екенін айтуда.

2-сынып оқушысына тиіспек болған ер азаматтың ұсталғанын растап отыр. Дегенмен оған тұрғындар қандай да бір жарақат салды дегені шындыққа жанаспайды дейді тәртіп сақшылары.

Қылмыстық полицейлер жедел түрде күдіктіні құрықтады. Ер кісі оқу орнындағы асхананың күзетшісі болып шықты. Ол 2-сынып оқушысын зорлауға әрекеттенген. Дегенмен құрықталған азаматқа жарақат салынғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Фотодағы ер кісінің күдіктіге ешқандай қатысы жоқ”, – дейді ІІД баспасөз қызметінің өкілі Шолпан Юлдашева.

Құрықталған азаматқа қатысты “қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға әрекеттену”, “кәмелетке толмағанға азғындық көрсету” баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынған.

Бұл туралы Nur.kz сайты хабарлайды.

Талқылау