Маңғыстауда терезеге кептеліп қалған ұрыны үй иелері ұстап алған

Дүйсенбі, 1 Ақпан , 2016 13:42

Қылмыстық әрі күлкілі оқиға Маңғыстау облысында орын алған. Пәтердегі бағалы заттарды жым-жылас қылмақ болған ұры терезеге қыстырылып қалып, оны үй иелері қылмыс үстінде құрыққа түсірген. Бұл туралы құқық қорғау органдары хабардар етті. 1454221039

Оқиға Қарақия ауданына қарайтын Құрық ауылында болған. Полицияға 69 жастағы жергілікті тұрғын арыз түсірген. Ер адамның баяндауынша, ол кешкілік үй-жайды бір тексеріп шықпақ болып, ауланы аралайды. Бір кезде терезе тұстан тысырды естіп жақын барып қараса, ұры терезеге кептеліп шыға алмай жатыр екен. Абдырап қалған үй иесі бейтаныс адамды жығып тастап, полицияға хабарлауға асыққан. Тәртіп сақшылар келемін дегенше, қаскүнем ізін суытып үлгеріпті.

Істі зерттеу барысында полицейлер күдікті ретінде 32 жастағы сол ауылдың тұрғынын ұстаған. Қазіргі таңда аталған іс бойынша, тәртіп сақшылары күдіктімен тергеу жүргізіп жатыр.

Осыған ұқсас жағдай Ақтауда да болған. 15-ші ықшам аудандағы пәтер иесінің бірі ұрыны өз үйінде ұстап алған. Олар сол күні көрші үйге кетіп, есікті ашық қалдырыпты. 20 минуттан соң үйіне оралған олар, бөгде адамның үстінен шығады. Алайда әлгі ұры асығып қашып шығамын деп, саусақ белгілері қалып үлгерген қолындағы заттарын түсіріп алады. Үй тонамақ болған қаскөй бұрын да сотталған екен.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар