Маңғыстауда пара есебінде бір келі қара икра алған шенеунік ұсталды
Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды.
Бұл туралы Tumba.kz хабарлайды.
Іс материалы бойынша, шенеунік облыс тұрғынынан бекіре тұқымдас балықтың қара икрасын талап еткен. Сонда ғана оның бекірені емін-еркін аулауына мүмкіндік беремін депті.
Қазіргі таңда құқық қорғаушылар шенеуніктің әрекетін ҚР ҚК 366 бабы (пара алу) шеңберінде қарастырып жатыр. 19 мамыр күні облыстық жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросына облыс тұрғыны хабарласып, аталға мекеме басшысы орынбасарының бекіренің бір келі икрасын сұрағанын айтып шағымданады.
Жедел-іздестіру шаралары арқасында шенеунік сол күні қолға түскен. “Шенеунікті қолға түсіру кезі оның құны 280 мың теңге тұратын икра келісін алып жатқан жерінде болды”, – деп хабарлады қалалық сот.
Оқи отырыңыз:
Ақтауда қалыңдық көйлегін киген 37 ару шеруге шықты
Қызылорда тұрғыны өзін “Қайсар” футбол клубының капитаны соққыға жықты деп жәбірленді
Қазақстандық жезөкшелер ЭКСПО кезінде қызмет көрсетіп ақша таппақ