Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда есімін жасырған меценат ауруханаға 2,5 млн теңге аударды

Есімін атауды жөн санамаған ақтаулық белгісіз меценат Маңғыстау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына 2,5 миллион теңгеге 20 кереует сатып алды.

көмеккккк

Ақтау тұрғыны өткен жылы аурухана басшылығымен кеңесіп, өз қаражатына балаларға арналған медициналық мақсаттағы кереуеттер сатып алған.

«Жас жігіт балаларға не сатып алсам болады деп сұрады. Қымбат тұратын медициналық мақсаттағы кереует қажет екенін айттым. Олар түрлі аурулармен ауыратын  3-13 жас аралығындағы балаларды сауықтыруға арналған.  Аурухана ұжымы, ата-аналар мен балалар жігітке қамқорлығы үшін рахмет айтып, алғыстарын білдіруде», – деді аурухана бас дәрігері Сара Ермұханова.

Кереуеттің алдыңғы және артқы жағы тізеге дейін түсіріледі. Медқызметкердің науқасқа ем-дом жасауына ыңғайлы. Төрт дөңгелегі бар, екеуі тежегішпен, екеуі тежегішсіз. Кереует жамылғысы гигиеналық өңдеуге, зарасыздандыруға өте төзімді.

«Ата-аналары балалары үшін алаңдамайтын болды. Екі жағы көтерілетін кереуеттен балалар ұйықтап жатқанда, құлап кетпейді», – деп атап өтті  Ермұханова.

 

Талқылау