Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда ер азамат ауыл әкімдігінің ғимаратын қиратып тастаған

Ақпанның 15-нен 16-на қараған түні Маңғыстау облысының Түпқараған ауданына қарасты Таушық ауылының тұрғыны ауыл әкімдігін қиратып, ғимаратын бүлдірген.

1455694510

Сурет www.lada.kz сайтынан алынды

Бұл туралы ТУМБА.kz хабарлайды.

Ғимарат маңында тұратын ауыл тұрғындары шуды естіп, полицияға хабар берген. Ауыл тұрғыны алдымен әкімдік қақпасын қиратып, ғимараттың терезелерін сындырған. Полицейлер келгенде ол нысанның ішінде техникалық құралдарды қиратып жатқан. Полиция қызметкерлері оны бөлімшеге алып кеткен.

Мәліметтерге сәйкес, бұзақы 25 жастағы ауыл тұрғыны екені анықталған. Ол әкімдік қақпасын өз көлігімен бұзған. Оның мұндай әрекетке неліктен барғаны әзірге белгісіз.

Келтірілген шығын 1 690 000 теңгені құраған. Ұсталған жігіт ғимараттың бейне бақылау камерасы мен компьютерін, телефондарын, “Отау ТВ” қондырғысын да шағып тастаған екен.

Талқылау