Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда бірнеше адам оқ жарақатымен ауруханаға түсті 

Маңғыстауда үш адам оқ жарақатымен ауруханаға түсті. Зардап шеккендер облыстық ауруханаға Құрық ауылынан жеткізілді.

Оқыс оқиға 6 қыркүйек күні түнде болды, деп жазады Лада.

Аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, екі науқас орташа ауыр деңгейде. Олардың бірі 1990 жылы, екеуі 1994 жылы туған азаматтар. Үшеуі де Құрық ауылының тұрғындары.

Маңғыстау облыстық ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі Айтқали Шалабаевтың айтуынша, бірінші науқастың самайы мен төменгі жағына оқ тиген. Екінші науқастың көкірек қуысы мен екі қолы жараланған. Екеуінің жағдайы орташа ауыр деңгейде. Үшінші науқас құрсақ қуысы, көкірек қуысы, аяғы, асқазаны, аш ішегі мен тоқ ішегіне бытыралы жарақат алған. Дәрігерлер оның көкбауырын алып тастады. Қазір өкпесі аппаратқа қосылып, жасанды тыныс алуда. Ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау