Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда бір аптаның ішінде екінші рет рекордтық салмақтағы сәби туды

Облыстық перзентханада 14 қараша күні салмағы алты келі тартатын сәби дүниеге келді. Баланың бойы – 61 сантиметр.

baby

Бұл туралы lada.kz хабарлайды.

Биылғы жылдың күзінде өмірге келіп тұрған бұл осымен екінші рекордтық салмақтағы нәресте. Бұл Бейнеу ауданының 32 жастағы тұрғыны Райхан Байұлованың шаңырағандағы екінші сәби.

“Әйелге операция ойдағыдай жасалды. Операцияны дәрігер акушер-гинеколог Болат Ишанғали және Мария Өтешова жүргізді. Қазір анасы мен баласы өздерін жақсы сезінуде. Салмағы 5 келіден асқандар бізде алып нәрестелер болып есептеледі”, – деді мекеме басшысы Роза Баданова.

Еске сала кетсек, 2016 жылдың 7 қарашасында салмағы 6 келі 100 грамм болатын қыз бала өмірге келген еді.

Оқи отырыңыз:

10 жасында ұзатылатын Иран қыздары (фото)

Рики Мартин сүйікті жігітіне тізерлеп отырып үйлену туралы ұсыныс жасады (фото)

Анасы селфиге бола сәбиін жартастың шетіне жатқыза салған

Еліміздегі 5-сынып оқулығы “төсек мәдениетін” оқытып жатыр (фото)

Талқылау