Маңғыстауда балықтардың жаппай қырылуының себебі анықталды

Бейсенбі, 29 Маусым , 2017 8:51

Ақтауда экологтар Қаражанбас мұнай кенішіндегі балықтардың жаппай қырылуының себебін анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20170628181804

“19 маусым күні Қаражанбас мұнай кенішіне жақын маңда, Ақтау қаласынан 2011-230 шақырым жерде балықтардың қырылып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Жағдайды анықтау үшін құрамында орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының, облыстық экология департаментінің қызметкерлері бар мобилді топ жедел аттанып кетті. Cараптама қорытындысында мұнай өнімдерінің, марганец, никел, мырыш пен темірдің көбейіп кеткені анықталған”, – деді Маңғыстау облыстық экология басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Әмірбеков.

Қазір алынған ақпарат ҚР энергетика министрлігі экологиялық бағдарлау және бақылау комитеті және облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасына жіберілген. Енді әр тоқсан сайын мамандар Каспий теңізі жағалауында мониторинг жүргізіп тұрады.

Ақтау қаласындағы атмосфералық ауаның мониторингіне келер болсақ, 2017 жылы 37 құралдық өлшеу жүргізіліп, 43 сынама алынды және 430 анықтама жасалды. Өлшеу нәтижесіне сәйкес, концентрация нормасынан асу бойынша 3 факті тіркелген.

Оқи отырыңыз:

Фатима қажы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сақалын 4 ұрпақ бойы сақтап келгендерін айтты (фото)

Белгілі уағызшы қожалардың неліктен қыз бермейтінін айтып берді (видео)

ОҚО-да әйел 4 жасар науқас баласын ауруханада тұншықтырып өлтірмек болды

Колледж түлектерінің былапыт сөзді қарша боратқан атышулы видеосы жұртты шошытты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар