Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда ашық теңізде үш тәулік бойы жүзген жігіт аман қалды

Маңғыстау облысында жас жігіт үш күн бойы ашық теңізде қалып кеткен.

2591632

Бұл туралы lada. kz хабарлайды.

24 жастағы Абылай Сүлейменовтың айтуынша, ол 18-інен 19-ына қараған түні досымен бірге Ақшұқыр ауылы маңында суға түспекші болады. Алайда қатты ағыс жігітті ағызып алып кетеді. Ол жанынан өткен тікұшақ пен кемеге айқай салғанымен, оны ешкім естімепті. Осылайша ол үш тәулік бойы автодөңгелекке жабысып теңізде жүзген.

Ол кораблді көрген соң, бар күшімен соған қарай жүзе бастайды. Теңіз кемесі Иран елінікі екен. Теңізшілер Абылайды құтқарып, құрғақ киім кигізеді. Сосын қазақстандық әріптестерімен хабарласып, бір сағаттан соң жас жігітті дәрігерлер алып кеткен.

Дәрігерлер оның жағдайын орта деңгейде ауыр деп бағалаған. Дене қызуы 32 градусқа дейін түсіпті. Келесі аптада оны үйіне шығармақ.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбе облысында автобус аударылып 9 адам қаза тапты

Алматыда тапа-тал түсте жаппай жол апаты болды (фото, видео)

Қарағанды облысында апат салдарынан үш адам қаза тауып, тағы үшеуі зардап шекті

Жантүршігерлік қылмыс: Көкшетаулық судьяның өліміне қатысты қылмыстық істе жаңа деректер пайда болды

Талқылау