Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда 15 жасар қызды алып қашқан жігіт 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Маңғыстау облысында биылғы жылдың сәуір айында кәмелетке толмаған қызды алып қашқан жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Маңғыстауда 15 жасар қызды алып қашқан жігіт 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

«Аталған факті Маңғыстау АІІБ-де ҚР ҚК 122-бабы 1-бөлімі (16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу) бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінеді хабарламада.

Қамауға алынған жігіт 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, Маңғыстауда Шетпе ауылында 21 жастағы жігіт 15 жастағы ауылдас қызын алып қашып кетті. Ер адамның жас қызбен төсек қатынасында болғаны анықталды.

Жас жігіт тергеушілерге өзінің қылмыскер еместігін айтқан. Себебі желтоқсан айында 16 жасқа толатын қызды үйлену үшін алып қашқан.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары мұндай жағдайда ер адамның қандай мақсаты болғаны ескерілмейді. Себебі 16 жасқа толмаған бала туралы сөз қозғалып отыр.

«Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Десе де ер адамдар мұндай жағдайда жиі қулық жасайды», – дейді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау