Маңғыстауда үй ауласына дейін кірген қасқыр үш адамға шабуылдады

Түпқарағай ауданы Аташ ауылының тұрғындарына қасқыр шапты. Жыртқыштың шабуылынан 1977, 1983 және 1996 туған азаматтар зардап шекті.

Бұл туралы мал дәрігерлік станса басшысы Салима Аташева мәлімеді, деп жазады Лада.kz.

Оқиға 28 қараша күні болды. Қызыл қасқыр үш адамға шабуылдаған.

“Олардың денсаулығына ауыр зақым келген жоқ. Бізге хабарланған соң оқиға орнына барып, зардап шеккендерге құтырма ауруына қарсы екпе салдық. олардың жарақаты жеңіл болды”, – дейді маман.

Бұл өңір тұрғындары жыртқыштардың шабатынвн айтып, үнемі шағым айтады. Қасқырдың бірін ер азаматтардың бірі өлтірген болуы мүмкін.

“Зардап шеккендердің бірінің анасының айтуынша, ол құстарына жем дайындамақ болғанда сұлап жатқан қасқырды көреді. Оның екі адамға шабуылдағаны белгілі болды. Ал, қасқырды зардап шеккен ер адамның баласы өлтірген”, – дейді Салима Аташева.

Қызыл қасқыр Қызыл кітапқа енген. Биоматериал облыстық мал дәрігерлік лабороторияға жіберілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
10.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар