Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда үшем дүние есігін ашты

Маңғыстау облысында мешін жылында дүниеге келген алғашқы үшем перзентханадан шығарылды.

Бұл туралы Маңғыстау жаңалықтары хабарлайды

Перинаталдық орталық директорының орынбасары Роза Баданованың айтуынша, сәбилердің салмағы екі келіден сәл асады.

«Бүлдіршіндер 12 күн бойы орталықта бақылауда болды. Осы уақыт ішінде олар салмақ жинап, барлық тексерістен өтті. Сәбилер қанағаттанарлық жағдайда перзентханадан шығарылды», – деді Р. Баданова.

Бүлдіршіндердің ата-анасы қыздарына Раяна, Даяна және Аяна деген есім берді. Үйлерінде оларды ағалары Мағжан мен Мадияр күтіп отыр.

20160115235239 20160115235242 20160115235249 20160115235253

Талқылау