Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау тұрғыны өзін желіде танысқан досы зорлады де айыптады

Ақтау қаласының ішкі істер басқармасы қыз зорлады деп айыпталған 26 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс жүргізіп жатыр.

1111

Бұл туралы Лада хабарлайды.

Оқиға өткен аптаның соңында Мұнайлы ауданында болған. Басқұдық ауылының 26 жастағы тұрғыны әлеуметтік желіде өзімен құрдас жігітпен танысып, кездеспек болады. Қыздың өзі полицияға хабарлағандай, кездесу кезінде желіде танысқан жігіт оны зорлаған.

Жәбірленушінің сөзінше, Берік есімді жігіт қызды өзі айдап келген «Лада» көлігінің ішінде зорлаған.

Аталған іс бойынша, Бейнеу ауылының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Алайда, күдікті олардың арасында жыныстық қатынас болғанын, бірақ, барлығы оның екеуара келісімімен болғанын айтады. Оқиғаның шынында қалай болғаны тергеу нәтижесінде анықталатын болады.

Қызға жалған ақпарат берген жағдайда жауап беретіні ескертілді. Полицейлер 3 жыл бұрын осыған ұқсас оқиғаның болғанын айтып берді. Ол кезде тергеушілердің анықтауынша жас қыз жігітке жала жапқан.
23 жастағы Т. есімді бойжеткен В. есімді азаматпен  әлеуметтік желі арқылы танысып, кездескен. Кездесу кезінде қызға қатты таң қалған жігіт онымен кездесуден бас тартқан. Оған ерегіскен қыз жігітті зорлады деп полицияға хабарлаған. Кейіннен өзінің жалған айтқанын мойындаған.

Полицейлер қыздың осы әрекеті үшін сот алдында жауап бергенін ескертті. Жаңа заң бойынша 2015 жылдың басынан бастап осындай әрекетке барған адамдарға 3000 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бұл 6 миллионнан көп ақша. Егер қыз пайда табу мақсатында осындай әрекетке барған болса, ол 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Бұл дегеніміз, әрине, жоғарыда аталған жайттың жалған екенін, қыздың пайда табу мақсатында осындай қадамға барды дегенді білдіртпейді. Қыз көлікке отырса, оны зорлауға болады деген сөз емес. Тергеу жұмыстары бәрін анықтайтын болады», – деп қорытындылады полиция бөлімінде.

 

Талқылау