Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау тұрғыны ғашықтар күнінде бұрынғы әйелінің көлік терезесін сындырып кеткен

Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылының 34 жастағы тұрғыны өзінің бұрынғы әйелінің көлігінің терезесін сындырған. Қазір құқық қорғау органдары аталмыш істі қарап жатыр.

 

1455558214

Бұл туралы lada.kz сайты хабарлайды.

Оқиға 14 ақпан күні Ақтаудағы 26 ықшам ауданның 43 үйінің жанында болған. Ол жерде әйел тұрады екен. Оның көлігін көзі шалған еркек, көңіліндегі ренішін терезесін сындырып білдіргісі келсе керек. Ұрыстан кейін ол терезені сындырып, көлік есігін де майыстырып тастайды.

Зардап шеккен 31 жастағы Ақтау тұрғыны полицияға хабарласып, күдікті қолға түскен. Өзгенің мүлкіне қол тигізгені үшін, оған айып тағылып сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция мәліметінше, ер адам 14 ақпан күні «BEERLOGA» кафесінде болған. Ішімдік ішіп алған ол көлікке зақым келтіргеннен кейін, оқиға орынынан ізін суытқан.

Талқылау