Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау тұрғыны адам қаңқасын тауып алды

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданының Таушық ауылының 42 жасар тұрғыны адам қаңқасын тауып алған.

1450675572

Бұл туралы Актау-Лада басылымы хабарлады.

Басылымның жазуынша, қаңқа бас сүйек, бел омыртқа, қабырға сияқты сүйектерден тұрады. Ол Долгий және Ақтұмсық аралдарының орта тұсында, «Қаражамбас» кен орнынан 50 шақырым жерде, айдалада жатқан. Алдын ала болжам бойынша қаңқада зорлық-зомбылық іздері табылмаған.

Қазір қаңқа сот-медициналық экспертизаға жіберілген. Марқұмның аты-жөні мен өлу себептері анықталуда.

Талқылау