Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысының тұрғыны ұрлық жасаймын деп үй иесін өлтіріп кетті

Біреудің пәтеріне терезе арқылы заңсыз кіріп, құнды заттар мен ақша іздеген Маңғыстау облысының тұрғыны ұрлық жасаймын деп үй иесін өлтіріп кетті.

Маңғыстау облысының тұрғыны ұрлық жасаймын деп үй иесін өлтіріп кетті

Бұл туралы Lada.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Аталған іс алқабилердің қатысуымен облыстың қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Соттың баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қылмыстық оқиға 2017 жылдың 20 тамызында болған.

«Сағат 02.00- де сотталушы жәбірленушінің үйіне терезе арқылы заңсыз кіріп, құнды заттар мен ақша іздеген. Шудан оянып кеткен үй иесі айыпталушыны тоқтатуға тырысқан. Алайда, қылмыскер үй иесін бір ұрып еденге құлатқан. Артынша ол жәбірленушінің басынан бірнеше рет ұрып, өлтіріп тастаған. Содан кейін сотталушы пәтерден 100 мың теңге ақшаны алып, қылмыс іздерін жасыру үшін үйді өрт жіберген», – деп хабарлады Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының баспасөз қызметі.

Үй иесін өлтірген қылмыскердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 10-тармағына сәйкес (басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерiмен ұштасқан) және ҚК 188-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы (тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен), сондай-ақ, 287-баптың 1-тармағы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы баптарға сәйкес сотталушы 17 жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Шешім күшіне енді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау