Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысының ата-аналары ғаламтордан жаппай бас тарта бастаған

Оқу жылы басталғалы Маңғыстау облысының ата-аналары ғаламтордан жаппай бас тарта бастаған. Бұған балалардың сабаққа деген қызығушылығының төмендегендігі себеп болыпты.

smartfone_7000_rubley

Фото: woolfs.ru

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ал психологтар “оқушылар оқулықты парақтағаннан, ғаламтордан қиналмай -ақ керек ақпаратты тауып алады. Бұл сауатсыздық пен еріншектіктікке бастайтын алғашқы белгі”, – дейді.

Сүндетәли биыл бірінші сыныпқа барды. Бастапқыда мектепке барғанына қуанғанмен қазір баланың оқуға ынтасы мүлдем жоқ дейді анасы. Оған себеп, ғаламтордағы қызықтар екен. Қолы қалт етсе болды, ұялы телефонның ішіне кіріп кете жаздайды. Сондықтан анасы  үйдегі ғаламторды ажыратып, ұялы телефондағы интернетті де шектеп тастағанын айтады.

«Баланың көңілі сабаққа көп бөлінбейді. Себебі, 2-3 сағат отыра берсе сол ғаламторда, ғаламтордан шыққан соң оқы десең ары қарай оқуға ынтасы болмайды. Сол себептен біз ғаламторды ажыратып тастадық», – дейді Ақтау қаласының тұрғыны Айнұр Жұманазарова.

Айнұр дұрыс шешім қабылдады,- дейді психолог маман. Жаңа оқу жылы басталғалы өңірдегі Айнұр секілді жүздеген ата-ана үйіндегі ғаламтордан бас тартыпты. Өйткені, ол уақытты бос өткізу ғана емес бала мінезіне де кері әсерін тигізеді.

«Бала интернетке көп ойнап, соған үйренісе бергендігі әдет болып қалыптасады», – дейді психолог Гүлсара Қарайшықова.

Статистикалық мәліметке сүйенсек Қазақстанда13 миллионға жуық ғаламтор пайдаланушы бар екен. Бұл халықтың 80 пайызы. Оның ішінде балалар да бар. Олардың 72 пайызы оны пайдалы десе, 24  пайызы оның зиянды екенін көрсетіп отыр.

Әр адам тәулігіне кемінде 8  сағатты әлеуметтік желіге жұмсайды екен.

Оқи отырыңыздар:

Желіде жарияланған оқушы қыздың жалаңаш суреттері жұрттың жағасын ұстатты (фото)

Дариға Назарбаева Баян Есентаеваға қолдау білдірді

Қазақстанда декреттік демалысқа қалай шығады және оған қанша ақша төленеді?

Талқылау