Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысының әкімі татамиде күресіп таңғалдырды (видео)

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов дзюдо турнирінде спорттың осы түрінің әдістерін көрсетті. Белгілі болғандай облыс басшысы бұрын дзюдомен айналысқан, тіпті спорт шебері деген де атағы бар екен.

Безымянный

Бұл туралы Lada.kz хабарлайды.

Тұрар Жолдыбаев атындағы турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Грузия, Әзербайжан, Тәжікстан елдерінен 250 спортшы қатысып жатыр. Олар 17 салмақ категориясы бойынша жүлдеге таласады.

“Турнир жоғарғы деңгейде өтуде. Нағыз мықты спортшылар келді. Дзюдо – еліміздегі танымал спорт түрінің бірі. Біз осы жерден болашақта ұлттық құрамаға енетін спортшыларды іріктейміз”, – дейді ұлттық құраманың бас бапкері Ермек Имамбеков.

Еске салсақ, Ералы Тоғжанов осы жылдың наурыз айында Маңғыстау облысына әкім болып тағайындалған еді. Оған дейін ол Қазақстан халықтары ассамблеясы төрағасының орынбасары болып қызмет етті.

Оқи отырыңыз:

Тоқаев сенат төрағасы болып қайта сайланды

Саясаттан кеткен Қиынов енді бар өмірін немерелеріне арнамақ

Қазақстан Сирияға әскер аттандыруы мүмкін

Назарбаев: телефон номерімді берейін бе?

Талқылау