Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында жолаушылар пойызы мен көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Маңғыстау облысында жолаушылар пойызы мен газ тасымалдайтын көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты. Алматы-Маңғышлақ пойызы Сай-Өтес ауылының маңында апатқа ұшыраған, деп хабарлайды КТК арнасы.

1453985574

Теміржолға шығып кеткен газ таситын көлік «Қарақұдықмұнай» компаниясына тиесілі. Оның жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ, пойыз машинисінің көмекшісі ауыр жарақат алды. Жолаушылар дін-аман. Өрттен қатты зақымданған тепловозды қалпына келтіру үшін арнайы мамандар мен апаттың мән-жайын анықтайтын комиссия оқиға орнына аттанып кетті. Қазір пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтап тұр.

Талқылау